Авторлық бағдарламаларды жазу бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесін жалпылау
05-02-2021 08:04
Авторлық бағдарламаларды жазу бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесін жалпылау

2021 жылдың 5 ақпаны күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Сәтбаев қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімдері онлайн шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатты өткізушілер:

- Казиева Арайлым Талдыбаевна – «Көркем жазу»

- Панькова Елена Осиповна – «Учись писать красиво»

Шеберлік сағаты барысында көркем жазудың өзектілігі мен маңыздылығы, көркем жазуға үйрету жолындағы кедергілерді жеңу жолдары туралы айтылды.

Казиева А.Т. алдағы уақытта аталмыш бағдарламаның жалғасы ретінде сол қолмен жазатын білім алушыларды көркем жазуға үйрету бағдарламасын толықтыруды жоспарлауда.