2021 жылдың 10 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық және облыстағы мамандандырылған мектептер үшін ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 «Білім-инновация» лицей–интернаты «Жоба негізінде білім беру (PBL) оқушы бойында зерттеушілік проблеманы шешу, синтездеу дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс» атты онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында «№3 «Білім-инновация» лицей–интернатының ұжымы лицейде атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Атап айтқанда:
Жанузакова З. Т директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары
«Функционалдық сауаттылықты дамытуда (PBL) жоба негізінде білім берудің маңызы»;
Бұрхан Ш. Қ., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі «Болашақтың сәулеті» (3Д модельдеу. Скетчап. Жобаға бағытталған оқыту);
Мухибаев Д. Қ., физика пәнінің мұғалімі «Жобаға бағытталған оқытуда тұрмыста қолданылатын электронды құрылғыларды үнемді қолдану жолдарын зерттеу»;
Жандильдинова Б. А., география пәнінің мұғалімі «Ұлытау өңіріндегі туризм саласын дамыту жолдары»;
Шакизада Ж. Ш., математика пәнінің мұғалімі «Қаламыздағы пандустар адам қозғалысына қаншалықты қолайлы?» (Жобаға бағытталған оқыту) тақырыбында сөз алды.
Өткізілген іс-шара мазмұны жағынан өте тартымды, практикалық мағынасы терең, жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Онлайн-семинарға Қарағанды облысының инновациялық мектептерінің 84-тен астам директорлар мен директорлардың орынбасарлары қатысты.