Размер шрифта:
Іс-қағаздарын жүргізушілер мектебі
08-10-2015 10:31
Іс-қағаздарын жүргізушілер мектебі

Білім беру мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізуші мамандарға мемлекеттік тілде құжат құрастырудың маңызы және ерекшеліктері туралы білімдерін практикамен ұштастыра отырып, мектепішілік құжаттарды ресімдеудің бірізге түсуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Іс-қағаз жүргізушілер» мектебі биыл да өз тыңдаушыларын қабылдады.

6-8 қазан күндері Ақтоғай, Шет, Нұра, Осакаровка, Жаңаарқа аудандарына келген 22 іс жүргізуші «Іс қағаздарын жүргізу - басқару процесінің ажырамас бөлігі» тақырыбында білімдерін жетілдірді. Қарағанды облыстық мұрағатының маманы К.Т.Жұмабекова  «Істер номенклатурасын құрудағы негізгі талаптар» тақырыбында нормативтік құжаттармен таныстырды.

 Тәжірибе алмасу бөлімінде ЖОББ №65 мектептің іс-қағаздарын жүргізудегі тәжірбиесімен танысты.