10-16 жастағы оқушылар арасында Республикалық білім беру Хакатоны.
12-02-2021 14:47
10-16 жастағы оқушылар арасында Республикалық білім беру Хакатоны.

Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік академиясымен бірлесіп, оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын көтермелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және информатика мен бағдарламалауға деген қызығушылығын анықтау және дамыту, компьютерлік білімді тарату және танымал ету мақсатында 2021 жылдың 12-14 ақпан аралығында 10-16 жастағы оқушылар арасында қашықтықтан форматтында  Республикалық білім беру Хакатонын өткізеді.

Хакатон келесі бағыттар бойынша өтеді:

10-11 жас аралығындағы оқушылар үшін:

2D дизайн

Веб-дизайн

Ойындар әзірлеу

12-14 жас аралығындағы оқушылар үшін:

Бағдарламалау

2D дизайн

Веб-дизайн

Ойындар әзірлеу

15-16 жас аралығындағы оқушылар үшін:

Бағдарламалау

2D дизайн

Веб-дизайн

Ойындар әзірлеу

Білім беру Хакатонына Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды және Ақмола облыстары қатысады.

Хакатонды өткізу ережелері мен мерзімдері туралы барлық ақпарат Iteens.kz сайттында орналасқан.