2021 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IV облыстық жәрмеңкесі өтті.
Бұл жылы, дарынды педагогикалық қызметкерлерді анықтау және олардың кәсіби өсуін қолдау, білім беру саласындағы әлеуметтік маңызды бағыттардың тиімді шешімдерін көбейту мақсатында өткен жәрменкеге облысымыздың ғана емес, сонымен қатар Республикамыздың Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарынын және көршілес ел – Ресейдің барлық деңгейдегі білім ошақтарынан 265 педагог қатысты.
Ашылу салтанаты мен Жәрмеңке жұмысының процессіне қонақтар, бақылаушылар және әділ-қазылар ретінде «Talap» КЕАҚ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларының білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Бағдарламаға сәйкес салтанатты ашылу рәсімінен кейін Padlet білім беру платформасындағы көрме залының жұмысы (зияткерлік өнімді ұсыну) мен ZOOM платформасындағы диалогтық және презентациялық алаңдардың жұмысы өткізілді.
Жәрмеңкенің салтанатты жабылу рәсімінде жұмыс нәтижелері айтылып, келесі жеңімпаздар - алтын, күміс, қола сертификаттар иелері анықталды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында:
1 орын - Седова Анастасия Викторовна, «Балғын» бөбекжайы» КМҚК;
2 орын - Артемьева Татьяна Николаева, Ақмола облысының Ақкөл ауданы білім бөлімі «Акбота» балабақшасы» КМҚК, Ақкөл қаласы;
3 орын - Жалелетдинова Евгения Искендеровна, «Балғын» бөбекжайы» КМҚК.
Жалпы білім беретін мектептер педагогтері арасында:
1 орын - Байкенова Мөлдір Болатқызы, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі;
2 орын - Цемох Светлана Михайловна, Н.Нұрмақов атындағы ОМИ;
2 орын - Шелихова Наталья Ивановна, «Алматы облысы Білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№1 мектеп-гимназиясы» КММ;
3 орын - Коряка Наталья Васильевна, Медведева Наталия Викторовна, «Саран қ. №1 мектеп-лицейі» КММ;
3 орын - Түркенова Айгерім Өміртайқызы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында:
1 орын - Кариполла Алқагүл, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2 орын - Красникова Нина Михайловна, «Лебедянск педагогикалық колледжі» мемлекеттік облыстық бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі, Ресей Федерациясы;
2 орын - Идрисова Меруерт Абильтаевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Есембекова Лязат Токтаровна, Пиневич Елена Геннадьевна, «Казахмыс» корпорациясы политехникалық колледжі» ЖММ;
3 орын - Давыдова Татьяна Николаевна, Абеуова Меруерт Зарухановна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.
Сонымен қатар, әділ-қазылардың шешімі бойынша, келесі қатысушыларға алғыс хаттар табысталды:
- Алшинбаева Сауле Жолыбаевна, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ;
- Турсынбет Гулжан Темірқызы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ;
- Дамбовский Максим Валерьевич, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ «Жасөспірімдердің техникалық станциясы» КММ.
Және ұсынылған жоба бойынша мастер-класстар өткізген педагогтер ұйымдастыру комитетінің дипломымен, ал таныстырылым алаңында жобаны ұсынған педагогтер ұйымдастыру комитетінің грамотасымен марапатталды. Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары табысталды.