ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ!
17-02-2021 13:11
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ!

2021 жылдың 17 ақпанында оқу-әдістемелік дамыту орталығы   Осакаровка ауданының мектеп директорларының орынбасарларына,  әдіскерлеріне және білім беру ұйымдарының басшыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Мектепке дейінгі  ұйым маман-педагогтерінің және тәрбиешілердің жоспарлауы" тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға мектепке дейінгі  ұйымдардың топ тәрбиешілері,  балабақша, мектеп  директорлары және әдіскерлері  қатысты. 

Қарағанды қаласының "Алтын сақа" бөбекжайы" КМҚК  әдіскері семинарда педагогтерге  бір жылға қалай жылдық жоспарды өтпелі тақырыптар арқылы жоспарлау және бір аптаға циклограмма жазу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар тәжірибе бағыттағы сипатта,  жоғары  кәсіби деңгейде өтті.

Қатысқандар:  Zoom арқылы 67 адам.