2021 жылдың 17 ақпанында «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ жұмысының шеңберіндегі «Видеосабақтар панорамасы» практикалық семинары өтті.
Семинарға облыс колледждерінің 51 оқытушысы қатысты.
Семинарда Теміртау жоғары политехникалық колледжінің педагогтары келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:
1. «Бейнесабақ оқытудың перспективті ақпараттық технологиясы ретінде», Жумадилова Жумакул Амангельдыевна, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі;
2. «ҚР құқықтық саясатын жүзеге асырудағы құқықтық білім беру және құқықтық насихат мәселелері», Ахмадиева Магира Наркеновна, оқытушы;
3. «Бейнеролик жасау жөніндегі нұсқаулық», Сулейменова Айгерим Ержановна, оқытушы;
4. «Қашықтықтан онлайн білім берудегі инновациялық технологиялар», Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна, оқытушы;
5. «Қашықтықтан оқыту режимінде курстық жұмысты ұйымдастыру», Ибраева Диана Кайратовна, оқытушы;
6. «Құқықтану» кафедрасы оқытушыларының әдістемелік жұмысын ұйымдастыру», Нурмаганбетова Эльмира Саулехановна, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Семинар соңында «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ төрайымы Конакбаева Алла Дмитриевна «Сұрақ – жауап» рефлексиясын өткізген кезде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылардан өз тәжірибелерімен бөліскен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің педагогтарына көптеген оң пікірлер айтылды.