2021 жылдың 17 ақпанда ZOOM платформасында ТжКБ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының екінші күні өтті.
17-02-2021 07:58

Оқуға колледж директорларының 78 орынбасары қатысты.

Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:

«ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін дамыту: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер», «Колледждерде оқу процесін ұйымдастыру», «ТжКБ-да тәрбие жұмысының жүйесі. Колледжде тәрбие кеңістігін қалыптастыру жолдары».

Аталған курстардың дәріскерлері колледж директорлары болды:

1. «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ директоры Елубаев Бауыржан Санакович;

2. «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК директоры Аман Бота Маликаждаровна;

3. «Қарағанды индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ директоры Киселева Ирина Болеславна.

Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.