2021 жылдың 19 ақпанында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ жұмысының шеңберінде облыс колледждерінде инклюзивті білім беруді енгізу бойынша семинар өтті.
Семинарға облыс колледждерінің 66 өкілі қатысты.
Семинарда облыс колледждерінің педагогтары келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:
1. «Инклюзивті ортада қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру», Кешубаева Айгерим Максутовна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2. «Колледжде ментальді бұзушылықтары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру», Жуманбаева Куралай Асылбековна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
3. «ЕББҚ бар балаларды сүйемелдеу кезіндегі психолог пен пән оқытушысының өзара әрекеті», Ракимбекова Сандугаш Мерекеевна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ психологы;
4. «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесінен», Сагадиева Айнур Танирбергеновна, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Халуева Татьяна Викторовна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Яшукова Елена Александровна, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;
5. «Тау-кен металлургиялық колледжінде инклюзивті білім беруді енгізу», Нахаева Айнур Умирзаковна, «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ әдіскері.
Семинар соңында ОӘБ төрайымы Свердлова Елена Александровна семинар қорытындысын өткізіп, семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен тілектерін айтты.
Семинарға қатысушылардан өз тәжірибелерімен бөліскен колледждердің педагогтарына көптеген оң пікірлер мен алғыс сөздер айтылды.