2021 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тарихи тұлғалары» тақырыбында оқытушылар мен студенттер арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп конференция ұйымдастырушылары Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі болды.
Конференцияға облыс колледждерінің 82 оқытушысы мен студенттері қатысты.
Конференция ZOOM платформасын қолдана отырып, келесі бағыттар бойынша өтті:
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы: Қазақстан болашағының тарихи тұғырнамасы»;
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және отандық тарих ғылымын жаңғырту»;
- Қазақстан Республикасының жүз жаңа тұлғасы.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.