«Тәуелсіз елдің тарихи тұлғалары» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
19-02-2021 17:27
 «Тәуелсіз елдің тарихи тұлғалары»  облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2021 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тарихи тұлғалары» тақырыбында оқытушылар мен студенттер арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп конференция ұйымдастырушылары Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі болды.

Конференцияға облыс колледждерінің 82 оқытушысы мен студенттері қатысты.

Конференция ZOOM платформасын қолдана отырып, келесі бағыттар бойынша өтті:

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы: Қазақстан болашағының тарихи тұғырнамасы»;

- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және отандық тарих ғылымын жаңғырту»; 

- Қазақстан Республикасының жүз жаңа тұлғасы.  

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.