«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы физика және математиканы оқытудың педагогикалық технологиялары» тақырыбындағы онлайн семинар
19-02-2021 17:56
«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы физика және математиканы оқытудың педагогикалық технологиялары» тақырыбындағы онлайн семинар

2021 жылдың 19 ақпанында математика және физика пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы шеңберінде «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы физика және математиканы оқытудың педагогикалық технологиялары» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинарға колледждердің 54 оқытушысы қатысты.

Облыс колледждерінің келесі педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Джакупова Молдир Сериковна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ оқытушысы «3D презентацияларды пайдалану және оның мүмкіндіктері» тақырыбында;

2. Лопатина Наталья Борисовна, «Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММ оқытушысы «Қашықтықтан оқыту жағдайында математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында;

3. Анчугова Анастасия Сергеевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы «Оқытушының сайты білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесу құралы ретінде» тақырыбында;

4. Рыбинцева Надежда Федоровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында.

Семинар соңында математика және физика  пәндері оқытушыларының OӘБ төрайымы Лопатко Ирина Георгиевна семинардың қорытындысын жасап, семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.