Қарағандының музыкалық мәдениеті халықаралық конференцияда талқыланды
19-02-2021 18:02
Қарағандының музыкалық мәдениеті халықаралық конференцияда талқыланды

19 ақпан күні облыстық музыка мектебінің тұңғыш директоры Базылхан Ибраевич Жолымбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қарағандының музыкалық мәдениеті-өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми - практикалық онлайн конференция өтті.

Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының білім бөлімі және №2 Балалар музыка мектебі-Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қазақ музыка академиясының профессорлары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырыс пен үш пікірталас алаңдарынан тұрды.

Қатысушылар шығармашылық тәжірибелерімен алмасып, музыкалық білім беру саласының дамуы туралы ақпаратпен танысты, Қарағанды облысы педагогтерінің үздік дәстүрлері мен мұраларын талқылады.