2021 жылдың 19 ақпанда ZOOM платформасында ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының бірінші күні өтті.
Оқуға колледж директорларының 66 орынбасары қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:«Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру», «Дуалды оқытуды енгізу тәжірибесі. Әлеуметтік серіктестіктің рөлі», «Әлеуметтік серіктестік білікті кадрларды даярлау ісіндегі кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылы»
Аталған курстардың дәріскерлері келесі колледж директорлары болды:
1. «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК директоры Сагинбеков Сайран Наскенулы;
2. «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК директоры Жумадильдин Муратбек Сеилбекович;
3. «ҚР Халық қаһарманы» Ракымжан Қошқарбаев атындағы Балхаш техникалық колледжі директоры Бейсембеков Саятбек Оралбекович
Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.