2021 жылдың 19 ақпанда ZOOM платформасында ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының бірінші күні өтті.
19-02-2021 09:07
2021 жылдың 19 ақпанда ZOOM платформасында ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының бірінші күні өтті.

Оқуға колледж директорларының 66 орынбасары қатысты.

Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:«Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру», «Дуалды оқытуды енгізу тәжірибесі. Әлеуметтік серіктестіктің рөлі», «Әлеуметтік серіктестік білікті кадрларды даярлау ісіндегі кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылы»

Аталған курстардың дәріскерлері келесі колледж директорлары болды:

1. «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК директоры Сагинбеков Сайран Наскенулы;

2. «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК директоры Жумадильдин Муратбек Сеилбекович;

3. «ҚР Халық қаһарманы»  Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балхаш техникалық колледжі директоры Бейсембеков Саятбек Оралбекович

Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.