2021 жылғы 19 ақпанда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында онлайн режимде «Ел болашағы - шыныққан ұрпақ» дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық форумын өткізді. Пленарлық форумға қатысты:
Есентаев Тастанбек Кутжанович - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК бас директоры.
Киспаев Тохтар Атамбаевич – медицина ғылымдарының кандидаты, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің, дене шынықтыру және спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры.
Роман Греба – Украина оқушылар спорты федерациясының президенті.
Константин Амираджиби – Грузия балалар және мектеп спорт федерациясының президенті.
Перепелица Инна Григорьена – Қарағанды облысы дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының төрағасы.
Форум жұмысын төрт пікірталас алаңы жалғастырды, онда Украинаның, Грузияның жетекші дене шынықтыру мұғалімдері мен қонақтарының қатысуымен оқу-тәрбие процесінің негізгі мәселелері бойынша мастер-кластар өткізілді: Олар: «Тәлімгерлік», «Біз біргеміз «жобасы» + «COOL GAMES KZ» - белсенді ойындар», «Дене шынықтыру сабақтарында инклюзивті білім беру», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы дене шынықтыру жұмысы».
Форум қатысушылары өткізілген іс - шаралардың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Барлығы 500 адам қамтылды.