Колледждердің «Өзін-өзі тану» оқытушыларының отырысы
23-02-2021 15:02
Колледждердің «Өзін-өзі тану» оқытушыларының отырысы

2021 жылдың 23 ақпанында ТжКББ ұйымдарының «Өзін-өзі тану» оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара тақырыбы: «Ы.Алтынсарин шығармаларындағы рухани құндылықтар».

Келесі оқытушылар өз тәжірибесімен бөлісті: Н.М. Ахметбекова, Сәтпаев индустриалдық колледжі; Г.Ш. Жумабекова, Жезқазған технология және сервис колледжі; Г. Р. Торебаева, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі.

Отырысқа колледждердің 37 педагогы қатысты. Іс-шара Zoom платформасында өтті.