ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ
23-02-2021 17:59
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ

2021 жылдың 23 ақпанында ZOOM платформасында онлайн режимде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық мектептер үшін вебинар өткізілді.

Бағдарламаға сәйкес Балхаш қаласы «Абай атындағы №2 лицей» КММ директоры К.Т. Рахимберлина мектептің бір жылдық инновациялық жұмыстарының талдауын ұсынды. 

Вебинарға Қарағанды облысы бойынша инновациялық мектептердің 94 директоры мен орынбасарлары қатысты.