2021 жылдың 24 ақпанында колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ жұмысы шеңберінде «Мен Ұлы Елдің ұлы азаматымын» эссе байқауының нәтижелері шығарылды.
Іс-шараның мақсаты – Отанға деген ұтымды және эмоционалды қатынасы бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.
Қатысу үшін өтінімдер облыс колледждерінің 52 студентінен қабылданды.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын-Төлекова Ақмарал, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі;
2 орын – Яцюк Ирина, Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің студенті;
3 орын - Байырша Ерден, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің студенті; Камбарбекова Каусар, Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!