2021 жылдың ақпан айының 24 күні «Бірге оқимыз!» облыстық инновациялық жобасы аясында Zoom платформасында Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған воркшоптар өткізілді. Сонымен қатар Оқу-әдістемелік орталығының youtube каналында трансляция жасалынды.
Воркшоптарды өткізгендер:
Рахманова Меруерт Жаскадировна, «Саран қаласы №16 ЖББОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру тәсілдері».
Ашикбекова Күлшат Мұқыжанқызы, Жанаарқа ауданының білім бөлімінің әдіскері. Тақырыбы: «Оқу-әдістемелік құралдар мен авторлық бағдарламаларды жасаудың әдістемесі».
Хасенова Маншук Алмурзаевна, «Қарағанды қаласы №61 ЖББОМ» КММ музыка пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Қашықтық оқыту негізінде платформа желісінде видеобейнелерді тиімді пайдалану».
Сарсенова Айман Серикбаевна, «Жезқазған қаласы №22 ЖББОМ» КММ математика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Решение задач на проценты в среднем звене».
Сторчак Мария Дмитриевна, «Саран қаласы №17 мектеп-гимназия» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Использование IT технологий на уроках английского языка в условиях дистанционного обучения».
Малютина Светлана Равильевна, «Шахтинск қаласы №6 орта мектебі»КММ информатика пәнінің мұғалімі.Тақырыбы: «Создание учебных презентация».
Воркшопқа Қарағанды облысының 500-ге жуық педагогы қатысты.