«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасы аясындағы семинар
24-02-2021 09:04
«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасы аясындағы семинар

2021 жылдың 24 ақпанында қашықтықтан «Жыр Жалын» поэзия әлемі жобасы аясында Муқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай Қазақ поэзиясы және ұлттық болмыс бағыты: «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты директордың тәрбие орынбасарларына, аға тәлімгерлерге арналған семинар өтті.

Семинарда әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Смағұлов Жандос Қожахметұлы сөз алып, ақын жайлы келелі ойларымен бөлісті; халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын, Т.Айбергенов атындағы медальдың иегері Мирас Болатұлы Асан мұзбалақ ақынға арналған өлеңін оқыды; Республикалық байқаулардың лауреаты, белгілі әнші Сейіл Аяған ақынның сөзіне жазған әндерді орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Сонымен қатар Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия» КММ аға тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және «Жас журналист» үйірмесінің оқушылары Мұқали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын «Поэзия! менімен егізбе едің?» деп насихаттады.