Студенттер арасындағы облыстық қашықтықтан өткізілген макеттер, стендтер, үлгілер байқауы
24-02-2021 16:38
 Студенттер арасындағы облыстық қашықтықтан  өткізілген  макеттер, стендтер, үлгілер байқауы

2021 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Автомобиль көлігі» ОӘБ  жұмысы аясында  «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ бірлесіп ZOOM платформасында 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамндығы бойынша облыстық  макеттер, стендтер, үлгілер байқауының жеңімпаздарын қашықтықтан таныстырды. Байқауға Қарағанды облысы он  колледжінен аталған мамандық бойынша білім алатын 15 студент қатысты.

1. Байқауға қатысушылардан өтінім ақпан айының 18-не дейін қабылданды.

2. Қатысушылар дайындалған стенддет, макеттер, үлгілер бойынша бейнежазбаларын 22 ақпанға дейін жіберді.

3. Құрамында колледждердің әлеуметтік серіктестерінің өкілдері бар әділ қазы байқау материалдарын 22-24 ақпан аралығында қарады.

Байқау қорытындысы бойынша келесі бағыттарда  жеңімпаздар  анықталды:

«Үздік конструкторлық макет» номинациясы бойынша 1 орын – «ABS жүйесінің құрылысын, жұмыс істеу принципін және оған диагностика жасауды үйретуге арналған стенд» Қайыргелді Аян Рүстемұлы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ студенті, жетекшісі - Шарипов Мейрам Серикович; 

«Үздік креативті макет» номинациясы бойынша 1 орын – «Электровелосипед», Базыл Ерасыл, «Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжі» КММ студенті, жетекшісі - Уалинов Алихан Кабенович; 

«Көлікке қызмет көрсету технологиясы» номинациясы бойынша 1 орын – «Генераторға техникалық қызмет көрсету бойынша стенд», Абильтай Ерназар Нұрғазыұлы, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ студенті, жетекшісі - Кожахметов Дархан Куансейтович; 

«Қауіпсіз көлік» номинациясы бойынша 1 орын – «Шығармашыл адамның көзімен автомобиль бөлшектерінің екінші өмірі» шығармашылық жобасы, Сурков Илья, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенті, жетекшісі - Отыншин Ернат Дулатович; 

Гран-при:

«Тежеу жүйесінің макеті» Куанышев Ерик Наканович, «Нұра көпсалалы колледжі» ҚМКМ студенті, жетекшісі - Аманкелді Әлібек Берікұлы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!