Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы семинар
25-02-2021 08:34
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы семинар

2021 жылдың 25 ақпанында қашықтықтан білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие орынбасарларына, әлеуметтік педагогтерге, педагог-психологтарға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты семинар болып өтті.

Семинарға дінтанушы Карсыбекова Жанар Бектеновна; исламтанушы Муратов Канат; Қарағанды облысының дін істері басқармасы жанындағы орталықтың бөлім меңгерушісі Далабаева Гульнар Бакеновна, психолог Муканова Сауле Муратовна қатысты.

Қарағанды облысының 18 аймағынан бір мыңнан аса директордың тәрбие орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтар қосылды.