Облыс колледждерінің студенттері арасындағы «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы бейнероликтер байқауы
26-02-2021 07:59
Облыс колледждерінің студенттері арасындағы «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы бейнероликтер байқауы

2021 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжімен бірлесіп онлайн режимде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай облыс колледждерінің студенттері арасында «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында бейнероликтер байқауын өткізді.

Байқауға облыс колледждерінен 58 студент қатысты.

Ұйымдастырушылар - Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің алғы сөздері мен құттықтауларынан кейін байқаудың қорытындысы шығарылды: 

1 орын – Шет агротехникалық колледжі студенті Қайратов Жангелді Еркебұланұлы, жетекшісі Толеуов Дидар Қайратұлы;

- Жезқазған гуманитарлық колледжі студенті Омарова Айсұлу Манарбекқызы, жетекшісі Жусупова Қарлығаш.

2 орын – Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенті Сагынбаев Кабылжан, жетекшісі Саулен Нина;

- Жезқазған гуманитарлық колледжі студенті Темірханова Ардақ, жетекшісі Шатенова Сауле Ералиевна;

- Сәтбаев индустриалдық колледжі студенті Байдильдин Дамир, жетекшісі Досметова Рабига Накиповна.

3 орын – Қарағанды техника-құрылыс колледжі студенті Әбенов Бекнияз Болатұлы, жетекшісі Какембай Рахат;

- Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі студенті Мұқыш Нұржан Ерғалиұлы, жетекшісі Бағзыбекова Мөлдір Несіпбекқызы;

- Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі студенті Кәрім Бекзат, жетекшісі Бесбаев Дулат Кенесбаевич.

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, ал олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. 

Сонымен қатар 12 студент пен олардың жетекшілері сайысқа белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен аталып өтті. 

Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.