2021 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» ММИ педагогтері Қарағанды облысының пән мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.О. Капарованың «Мәтінмен жұмыс жасау арқылы функционалдық дағдыларды қалыптастыру» жұмысы;
2. Математика пәнінің мұғалімі Р.Д. Конысбаеваның «Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру-функционалдық сауаттылық негізі» тақырыбындағы іс-тәжірибесі;
3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Ә.М.Әбдірашованың «Тілдік дағдыларды дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізу» тақырыбындағы практикалық сабағы;
4. Физика пәнінің мұғалімі А.А. Адильбекованың «Интерактивті оқу бағдарламалары арқылы физика пәнін оқыту» тақырыбындағы тәжірибелік сабағы;
5. Биология пәнінің мұғалімі, жас маман А.Б. Базылованың «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы арттыру» тақырыбындағы жұмысы тыңдалды.
Әдістемелік семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Семинар барысында қатысушылар жақсы белсенділік танытып отырды. Жалпы іс-шараға 100-ден астам пән мұғалімі қатысты. Кері байланыс кезінде осындай семинарлардың маңыздылығы ерекше аталып өтті.