Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік академиясымен бірлесе отырып, оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын көтермелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және информатика мен бағдарламалауға деген қызығушылығын анықтау және дамыту мақсатында 10-16 жас аралығындағы оқушылар арасында Республикалық білім беру Хакатонын өткізді.
Хакатон келесі бағыттар бойынша өтті:
• 10-11 жас аралығындағы оқушылар үшін: 2D дизайн, 3D модельдеу, ойындар әзірлеу;
• 12-14 жас аралығындағы оқушылар үшін: бағдарламалау, 2D дизайн, web-дизайн, ойындар әзірлеу;
• 15-16 жас аралығындағы оқушылар үшін: бағдарламалау, 2D дизайн, web-дизайн, ойындар әзірлеу.
2021 жылдың 28 ақпанында ZOOM конференциясында финалисттер жобаларын қорғап, Хакатонның жеңімпаздары анықталды.
Хакатонға Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды және Ақмола облыстары қатысты. 11 жүлделі орыннан Қарағанды облысының оқушылары 5 жүлделі орынға ие болды.
Хакатон жеңімпаздарының нәтижелері:
10-11 жас аралығындағы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
• «2D дизайн» - Қарағанды қаласы №2 лицей оқушысы Шевнин Егор
• «3D модельдеу» - Қарағанды қаласы №9 гимназия оқушысы Кумзина Виолина
• «Ойындар әзірлеу» - Ихсанов Искандер, Нур-Султан қ.
12-14 жас аралығындағы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
• «Ойындар әзірлеу» - Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті №6 ЖББМ оқушысы Егінбай Ислам
• «2D дизайн» - жеңімпаз жоқ
• «Web-дизайн» - Жусупов Адильхан, Нұр-Cұлтан қ.
• «Бағдарламалау» - Гладышев Илиан, Алматы қ.
15-16 жас аралығындағы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
• «2D дизайн» - Жезқазған қаласы № 26 гимназия оқушысы Павлова Светлана
• «Бағдарламалау» - Мұрагер ММИ оқушысы Ерсайын Қилыбаев
• «Web-дизайн» - Стешин Павел, Алматы қ.
• «Ойындар әзірлеу»- жеңімпаз жоқ
12-14 жас аралығындағы «2D дизайн» номинациясында, сондай-ақ 15-16 жас аралығындағы «Ойындарды әзірлеу» номинациясында финалисттердің жұмыстары әлсіз болғандықтан, сондай-ақ жұмыстарының орындау деңгейі бірінші орындарға сәйкес келмегендіктен, әділқазы мүшесінің шешімі бойынша екі номинациядан жүлделі орындар берілген жоқ.
Балаларға арналған білім беру Хакатонның қатысушылары мен финалистері, жеңімпаздары туралы толық ақпарат Iteens.kz сайтында жарияланған.