2021 жылдың 3 наурызында «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» қаржылық сауаттылық апталығы аясында 7 сынып оқушылары үшін Бірінші облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «№2 Лицей» КММ. Бұл іс-шараның мақсаты дарынды және талантты оқушыларды анықтау, экономикалық білім беру, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет саласында олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Олимпиада мазмұны үш түрлі тапсырмадан тұрды: жабық түрдегі тест тапсырмалары, бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары және толық жауапты немесе шешімді талап ететін тапсырмалар. Олимпиадаға облыс бойынша 7 сыныптар бойынша 164 оқушы қатысты. «ЭКОНОМ и К» олимпиадасының қорытындысы 2021 жылдың 5 наурызында шығарылатын болады.
7 сынып оқушыларына арналған I облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы.