Семинар-практикум. «Латын графикасы - ұлт болашағының негізі»
2021 жылдың 4 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес ZOOM платформасында онлайн режимде облыстың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Латын графикасы - ұлт болашағының негізі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Латын әліпбиінің жетілдірілген жобасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шара Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Р.Жақанова және әдіскер Ф.Е.Боранғазымен бірлесе ұйымдастырылды.
Семинар-практикумға облыстың 400-ден аса педагогтері қатысты.