2021 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды техникалық-құрылыс колледжімен бірлесіп «Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты: негізгі орта және техникалық-кәсіптік білім беру деңгейлерінде инклюзивтік процестің үздіксіздігі мәселесін талқылау.
ZOOM платформасында жұмыс 4 бағытта жүргізілді:
1. Мектептегі және кәсіптік-техникалық білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту кезіндегі білім беру технологиялары.
2. ЕБҚ бар балаларды бейімделу және отбасымен жұмыс істеу аспектілерінде психологиялық-педагогикалық қолдау.
3. Инклюзивті білім беруде қашықтықтан оқыту - стандартты емес технологияларды қолдану.
4. ЕБҚ бар білім алушыларды кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады.