«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
12-03-2021 15:03
«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық»  тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2021 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды техникалық-құрылыс колледжімен бірлесіп «Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. 

Конференцияның мақсаты: негізгі орта және техникалық-кәсіптік білім беру деңгейлерінде инклюзивтік процестің үздіксіздігі мәселесін талқылау.

ZOOM платформасында жұмыс 4 бағытта жүргізілді:

1.   Мектептегі және кәсіптік-техникалық білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту кезіндегі білім беру технологиялары.

2. ЕБҚ бар балаларды бейімделу және отбасымен жұмыс істеу аспектілерінде психологиялық-педагогикалық қолдау.

3.  Инклюзивті білім беруде қашықтықтан оқыту - стандартты емес технологияларды қолдану.

4.     ЕБҚ бар білім алушыларды кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру.

Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады.