2021 жылдың 01 наурызынан бастап балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлерді дарлау бағдарламасы негізінде Қарағанды облысының педагогтерін оқыту басталды. Білім бөлімдерінің мамандары ұсынған тізімдерге сәйкес 70 педагог қатысады. Олар: 58 әлеуметтік педагог, 4 педагог-психолог, 6 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, сондай-ақ ҚО ББД ОӘО психологы.
2021 жылдың 09 наурызында І модулдің «Тренерлер жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша онлайн-семинар форматында вебинар өтті.
Вебинар барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- Қазақстандағы және басқа елдердегі балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлердің қажеттілігі;
- неліктен балаларға қауіпсіздік тренингтері ұнайды;
- балалармен өзара әрекеттесу кезінде тиімділікті қалай арттыруға болады.
Вебинарға 70 адам қатысты.
І модульден өту қорытындысы бойынша материалды зерделеп, тапсырмаларды тыңдаушылардың 100% орындады.