Балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлерді даярлау бағдарламасы
12-03-2021 15:58
Балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлерді даярлау бағдарламасы

2021 жылдың 01 наурызынан бастап балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлерді дарлау бағдарламасы негізінде  Қарағанды облысының педагогтерін оқыту басталды. Білім бөлімдерінің мамандары ұсынған тізімдерге сәйкес 70 педагог қатысады.  Олар: 58 әлеуметтік педагог, 4 педагог-психолог, 6 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, сондай-ақ ҚО ББД ОӘО психологы.

2021 жылдың 09 наурызында І модулдің «Тренерлер жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша онлайн-семинар форматында вебинар өтті.

Вебинар барысында келесі сұрақтар талқыланды:

- Қазақстандағы және басқа елдердегі балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлердің қажеттілігі;

- неліктен балаларға қауіпсіздік тренингтері ұнайды;

- балалармен өзара әрекеттесу кезінде тиімділікті қалай арттыруға болады.

Вебинарға 70 адам қатысты.

І модульден өту қорытындысы бойынша материалды зерделеп, тапсырмаларды тыңдаушылардың 100% орындады.