Облыс колледждері директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы
12-03-2021 08:52
Облыс  колледждері директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы

2021 жылдың 12 наурызында облыс  колледждері директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысында «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырысқа облыс колледждерінің 50 орынбасары қатысты.

Отырыста педагогтар келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:

1. «Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің 090700 – «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша материалдық-техникалық базасы», Есен А.С., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;

2. «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері»  мамандығы  бойынша өндірістік оқытуды жүргізу үрдісі», Карымсакова Г.А., Едилбаева А.М., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ арнайы пәндер оқытушылары;

3. «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері»  мамандығы  бойынша әлеуметтік серіктестермен  өзара әріптестік», Есен А.С., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;

4. «Жас маман» жобасын жүзеге асыру: мәселелер мен шешу жолдары», Сабырова М.О., «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары.

Отырыс соңында директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары ОӘБ төрайымы Нурсалиева Ж.А. отырысты қорытындылап, рефлексия өткізген кезде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.