2021 жылдың 12 наурызында облыс колледждері директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысында «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Отырысқа облыс колледждерінің 50 орынбасары қатысты.
Отырыста педагогтар келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:
1. «Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің 090700 – «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша материалдық-техникалық базасы», Есен А.С., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
2. «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша өндірістік оқытуды жүргізу үрдісі», Карымсакова Г.А., Едилбаева А.М., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ арнайы пәндер оқытушылары;
3. «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара әріптестік», Есен А.С., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
4. «Жас маман» жобасын жүзеге асыру: мәселелер мен шешу жолдары», Сабырова М.О., «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары.
Отырыс соңында директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары ОӘБ төрайымы Нурсалиева Ж.А. отырысты қорытындылап, рефлексия өткізген кезде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.