Размер шрифта:
«Сервис» бағыты бойынша шеберлік сабағы
12-03-2021 07:54
«Сервис» бағыты бойынша шеберлік сабағы

2021 жылдың 12 наурызында Zoom платформасында «Заманауи рецепттерден ұмытылған рецептерге дейін» тақырыбындағы шеберлік сабағының дәйекті орындалуы өтті.

Шеберлік сабағын ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі өткізді.

Шеберлік сабаққа облыс колледждерінің 58 арнайы пәндер оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. 

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Ибраева К.А., Сыздыкова Ж.Е., Жуздибаева А.Б., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Қарын бүрме» қазақ асханасынан ұмытылған  рецептер» тақырыбында;

2. Асташина Ю.В., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Турама салынған шортан балық» тақырыбында;

3. Хваль М.В., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Тауық етінен жасалған фрикасэ» тақырыбында;

4. Тураров Г.Д., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Сувид» үйрек етін бұқтыру» тақырыбында.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.