2021 жылдың 12 наурызында Zoom платформасында «Заманауи рецепттерден ұмытылған рецептерге дейін» тақырыбындағы шеберлік сабағының дәйекті орындалуы өтті.
Шеберлік сабағын ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі өткізді.
Шеберлік сабаққа облыс колледждерінің 58 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Ибраева К.А., Сыздыкова Ж.Е., Жуздибаева А.Б., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Қарын бүрме» қазақ асханасынан ұмытылған рецептер» тақырыбында;
2. Асташина Ю.В., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Турама салынған шортан балық» тақырыбында;
3. Хваль М.В., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Тауық етінен жасалған фрикасэ» тақырыбында;
4. Тураров Г.Д., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Сувид» үйрек етін бұқтыру» тақырыбында.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.