«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ тақырыбы бойынша Оnline-оқыту семинары
16-03-2021 18:22
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ  тақырыбы бойынша Оnline-оқыту семинары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 16 наурызында «Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ бойынша директорлардың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары немесе аттестаттауға жауапты мамандарға, ақпараттандыру бойынша жауапты мамандарға  арналған онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде оқыту өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.М. Мешелова өткізді.

Сондай-ақ барлық педагогтер үшін онлайн-оқыту Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында сақталатын болады.

Аудиторияның жалпы қамтылуы 350 адамды құрады.