«Колледж оқытушыларының кәсіби тәжірибесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс» (Lesson study инновациялық тәсілін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен) практикалық семинары
17-03-2021 14:19
«Колледж оқытушыларының кәсіби тәжірибесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс»  (Lesson study инновациялық тәсілін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен) практикалық семинары

2021 жылдың 17 наурызында облыс  колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы жұмысының аясында өткен «Колледж оқытушыларының кәсіби тәжірибесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс»  (Lesson study инновациялық тәсілін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен) практикалық семинарында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыс колледждерінен 80-нен астам  орынбасарлар қатысты.

Семинардың негізгі бөлімін «Колледж оқытушыларының кәсіби тәжірибесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс»  (Lesson study инновациялық тәсілін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен) тақырыбымен колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Уатаева Гульмира Султанмуратовна бастады.

Семинар жұмысын «Lesson study тәсілін енгізу арқылы колледж оқытушысының зерттеу дағдыларына қол жеткізуі» тақырыбындағы ПОСТЕРЛІК СЕССИЯМЕН колледж директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Джуманкулова Самал Досынбековна жалғастырып, онда колледж ПМК төрайымдары өз ПМК педагогтерінің Lesson study тәсілін енгізу тәжірибелерімен бөлісті.

Әрі қарай колледж директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Куляш Зауытбаевнаның басшылығымен келесі пәндер бойынша Lesson study дәйекті сабақтар топтамасы көрсетілді:

- «Қазақ тілі» пәні бойынша, оқытушы Мукашева А.С.;

- «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша, оқытушы Жаманбаева К.З.;

- «Орыс тілі» пәні бойынша, оқытушы Траксель О.В.;

- «Ағылшын тілі» пәні бойынша, оқытушы Мазитова Ю.А.;

- «Математика» пәні бойынша, оқытушы Бурханова Г.Т.;

- «Математика» пәні бойынша, оқытушы Тойбекова Ж.А.;

- «Музыкалық тәрбие әдістемесі» пәні бойынша, оқытушы Кусайнова А.К.

Семинар соңында директорлардың оқу  ісі жөніндегі орынбасарлары ОӘБ төрайымы Свердлова Елена Александровна семинарды қорытындылап, рефлексия өткізген кезде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, тілек-пікірлерін  айтты. Облыстық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.