Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық фестиваль
17-03-2021 16:01
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына  арналған облыстық фестиваль

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 17 наурызында Бұқар жырау ауданының білім бөлімімен бірлесе отырып облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін ZOOM платформасы арқылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин және өркениет» тақырыбында облыстық фестиваль өткізілді. 

«Ұлы даланың ұлы тұлғаларын» дәріптеу арқылы тарихи сананы жаңғырту, прогрессивті педагогикалық тәжірибені көрсету, пән мұғалімдері арасында озық тәжірибені тарату мақсатында өткізілген фестиваль 4 бөлімнен тұрды:

І бөлім.  Фестивальдің ашылуы. «Жұлдызды қонақпен кездесу»

ІІ бөлім. «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдер»

ІІІ бөлім.  «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы»

ІV бөлім.  Фестивальдің  жабылуы. Қорытынды. 

І бөлімде Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық-педагогикалық мұражай директоры Сарсекей Гүлбану Құлетқызы және Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық  кеңсесінің басшысы, айтыскер ақын, доцент  Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов Фестивальдің жұлдызды қонақтары болды. 

Фестивальдің ІІ, ІІІ бөлімдерінде Бұқар жырау ауданының білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының ұстаздары шеберлік сағаттар, дөңгелек үстел, виртуалды сабақтар, «Ыбырай мұрасы-болашақтың бай қазынасы» тақырыбында TEDx, READx және Ы.Алтынсариннің әңгімелері бойынша сахналық қойылымдар көрсетті. 

Облыстық шараға 500-ге жуық  облыс педагогтері қатысты.