ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» семинары
17-03-2021 09:09
ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» семинары

2021 жылдың 17 наурызында «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында білім алушылардың математикалық сауаттылығын және алған білімдерін қолдана білуін дамытуға мүмкіндік беретін жұмыстың тиімді тәсілдерін қолдану әдістемесі бойынша практикалық семинардың екінші күні өтті.

Семинарға облыс колледждерінің 70-тен астам математика пәнінің оқытушылары қатысты.

Аталған семинардың дәріскерлері «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Жакупова Куралай Олжатаевна, «Саран техникалық колледжі» КММ оқытушысы Горюшкина Мария Александровна болды.

Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.