Қарағанды облысының оқу-әдістемелік дамыту орталығы мектепке дейінгі қызметкерлерге арналған "Білім беру мазмұнының жаңаруы: тиімді нәтижеге жету үшін жағдай жасау" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.
19-03-2021 14:34
Қарағанды облысының оқу-әдістемелік дамыту орталығы мектепке дейінгі қызметкерлерге арналған

2021 жылғы 19 наурызда Қарағанды облысының оқу-әдістемелік дамыту орталығы мектепке дейінгі қызметкерлерге арналған "Білім беру мазмұнының жаңаруы:     тиімді нәтижеге жету үшін жағдай жасау"  тақырыбында  ғылыми-практикалық конференция өткізді. 

Конференция екі кезеңнен тұрады:  пленарлық отырыс,  Workshop шеберхана. 

Пленарлық отырысқа Теміртау қ. "Ақтілек"  б/ж директоры Бектасова Б. С.,  Саран қ.  "Колокольчик"  б/ж  директоры  Аликас Н.Г.,  Қарағанды қ.  "Алмагуль"  б/ж дефектологы Укимбекова Ф. С.,  Балқаш қ.  "Бөбек"  б/ж педагог-психологы Сересембаева А. А.,  Шахтинск қ. "Салтанат"   б/ж педагог-психологы  Акбашева Т. М.  өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Екінші бөлімде келесі  педагогтер шеберлік-сыныптар көрсетті:  Қарағанды қ. "Алтын сақа"  б/ж қазақ тілі мұғалімі Ибраева К. М.,  Шахтинск қ.  "Аленка"  б/ж инновация бойынша әдіскер Марченко С. А.,  Теміртау қ.  "Ақбота"  б/ж  тәрбиешісі Пошанова Ә. Т.,  Бұқар жырау ауданы Құшоқы кентінің  "Айналайын"  б/ж тәрбиешісі Суковская Т. Г.,  Жаңаарқа ауданының "Ақерке"  б/ж тәрбиешісі Токешова А. К. Конференция жоғарғы кәсіби деңгейде өтті,  баяндамалар өзекті болды. Конференция соңында ұсынымдар жобасы оқылды.