Размер шрифта:
ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» семинары
19-03-2021 17:31
ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» семинары

2021 жылдың 19 наурызында «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын және алған білімдерін қолдана білуін дамытуға мүмкіндік беретін жұмыстың тиімді тәсілдерін қолдану әдістемесі бойынша практикалық семинардың екінші күні өтті.

Семинарға облыс колледждерінің 100-ден астам физика, химия, география, биология пәндерінің оқытушылары қатысты.

Аталған семинардың дәріскерлері «Жезқазған қаласының  жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқытушысы Рахметова Жанна Оралхановна, «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК  оқытушысы Джакупова Молдир Сериковна  болды.

Семинар барысында тыңдаушылармен google.diskе сілтеме арқылы сауалнама жүргізілді, сонымен қатар padlet.com. платформасында семинардың рефлексиясы өтті.