Размер шрифта:
Колледж студенттері арасындағы «Танымал жерлестер» облыстық онлайн бейне-эссе байқауы
19-03-2021 10:07
Колледж студенттері арасындағы  «Танымал жерлестер»  облыстық онлайн бейне-эссе байқауы

2021 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Жезқазған Бизнес және Көлік колледжі» ЖММ  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық  «Танымал жерлестер» бейне-эссе байқауының өткізді.

Орталық Қазақстан Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және ауылдық жерлердің өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалармен, замандастарымызбен танымал. 

Байқаудың нәтижелері ZOOM платформасында онлайн режиміндде өтті.

Байқауға 23 студеттердің өтінімі қабылданды.

Ұсынылған бейне-эсселер қаралып, критериалды бағаланып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«ӨЛКЕНІҢ ҰЛЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ» номинациясы бойынша:

1 орын - «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері Евгений Смирнов және Ермұрат Рымжанов «Біз мәңгі есте сақтаймыз және мақтан етеміз!» тақырыбымен Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров тұралы бейне-эссесімен;

2 орын - «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті Жағыпбекова Дильназ, танымал жерлесі Баубек Бұлқышев - Ұлы Отан соғысының ардагері туралы бейне-эссесімен;

3 орын - «Ұлы тарихих тұлға - Болман ақын» бейне эссесі үшін «Қарсакпай агротехникалық колледжі» КММ студенті Жұмағали Нұрбол.

«ДАҢҚТЫ ЖЕРЛЕСТЕР - БІЗДІҢ ЗАМАНДАСТАРЫМЫЗ» номинациясы бойынша:

 

1 орын - «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті Сайдалиев Арландыр  -  өзінің жерлесі - мұғалім, жазушы, Ағадыр ауданының Құрметті азаматы Өмір Карапұлы тұралы жасалған бейне-эссесімен;

2 орын - «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК студенті Ибрагимова Роза соғыс және еңбек ардагері Жанабил Баймағанбетов туралы бейне очеркімен;

 3 орын - «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті Төлеубек Аружан Индонезияда өткен Азиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Чемпион, Жезқазған қаласының спортшысы Бағлан Ибрагим туралы ағылшын тілінде жасалған бейне-эссесімен.

«ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ» номинациясы бойынша:

1 орын - «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті Төлеубек Аружан, Ұлытау ауданы, Жезді кентіндегі Музейдің негізін қалаушы - Мәкен Төрегелдин туралы бейне-эссесімен;

2 орын - «Қарағанды сән колледжі» ЖММ студенті Наталья Олеговна Базяк атақты ғалым - Нұра ауданы, Ивановка ауылының тумасы, селекционер, биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаев туралы видео-очеркімен;

3 орын - «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті Калиякпар Елдос - Жезқазған қаласының құрметті азаматы, тарихи-археологиялық мұражайдың алғашқы директоры, атақты  өлкетанушы Сүтемген Букуров туралы бейне-эссесімен.

 Жеңімпаздар Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдармен, студенттердің жұмыстарының жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табсыталды.