2021 жылдың 19 наурызында қатаң санитарлық талаптар сақталуымен «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық» атты аға буын ардагер ұстаздар мен «100 Жаңа Есім» кітабына енген педагогтер арасында кездесу өткізілді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасы аясында өткізілді.
Тағылымы мол іс-шараны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна бастап жүргізді.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облыстық білім басқармасы жанындағы Білімді дамыту қоғамдық кеңесінің төрайымы, педагогика саласының еңбек ардагері, білім беру саласының үздік қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жошина Маулида Киргизбаевна; техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ұстаз Қонтаев Сәбит Сейітұлы; «Тұлғатану» орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна қатысты.
Түйгені мол ардагер ұстаздардың қолынан «100 Жаңа Есім» кітабына енген педагогтерге кітап табысталып, алғыс, ризашылықтарын білдірді. Ұлттық құндылығымыздың бірі - үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өткен бұл игілікті іс-шара өз мәнінде өткізілді.