Размер шрифта:
2021 жылғы Көктемгі мектеп аясындағы директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстары туралы
25-03-2021 09:00
2021 жылғы Көктемгі мектеп  аясындағы  директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру  курстары туралы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 25 наурызында директордың орынбасарларына арналған  біліктілікті арттыру курстары қазақ және орыс тілінде басталды. Сабақтар ZOOM платформасында онлайн режимінде  өтеді.

Сабақтың бірінші күні білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары білім беру қызметінің нормативтік-құқықтық базасымен, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттауымен, тәрбие жұмысына арналған нормативтік жоспарлау құжаттамасымен танысты.

Біліктілікті  арттыру курстарына облыстың білім беру мекемелері  директорларының 620 орынбасары қатысты.