«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық»
26-03-2021 09:56
«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық»

2021 жылдың 26 наурызында қашықтан «Өнегелі өмір» жобасы аясында ұлағатты ұстаз, білім саласының үздігі Биғайша Шикобайқызы Манкенованың мерейтойына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Тағылымы мол іс-шараны Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы жүргізді. 

Дөңгелек үстел отырысына белгілі тұлғалар, білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернат директорлары, мұғалімдер қауымы онлайн режимде қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы; Қарағанды облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Әдекенова Бақтыгүл Науқанбайқызы; Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы Білімді дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы, педагогика саласының еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жошина Маулида Қырғызбайқызы; техника ғылымдарының кандидаты, профессор, педагогика саласының еңбек ардагері Қонтаев Сабит Сейітұлы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Жекебаев Дулат Шайкенұлы;  Қарағанды облысы педагогтерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Самойлюк Татьяна Филипповна; Абай аудандық білім бөлімінің басшысы, Курпешова Бақытжан Казбековна; көргені мол ардагер ұстаздар Досымбекова Бахыт Кабдугалиевна, Сабитова Раиса Гайнутдиновна, Киселева Ирина Болеславовна, Леваева Нина Степановна, Заитова Гельзада Зигангареевна, Тілеуғалы Әміртайұлы, Замолкин Владимир Анатольевич, Кулагина Татьяна Петровна, Рыспекова Нагима Толеуовнав, Келбетова Райхан Шадыровна, Якупов Равиль Мансурович қызмет жолында талай мұғалімді қанаттандырып, шәкіртке нағыз ұстаз бола білген Биғайша Шикобайқызының игілікті істері жайлы ойларын айтты.