«Көктемгі мектеп» аясындағы директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстары туралы
26-03-2021 10:02
«Көктемгі мектеп»  аясындағы  директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру  курстары туралы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 26 наурызында білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарының екінші күні өтті. Сабақтар ZOOM платформасында онлайн режимінде қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Курстың екінші күні мектепішілік тәрбие жұмысын бақылау, директор орынбасарларының функционалдық міндеттері және психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру тақырыптарымен таныстырылды.

Біліктілікті  арттыру курстарына облыстың білім беру ұйымдарынан  580 адам қатысты.