Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2015 жылдың 20 қазан күні балалар музыка мектептері, өнер мектептері педагогтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті.
20-10-2015 05:49

         Жұмыс барысында музыка және көркемөнер саласындағы балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың маңызды сұрақтары талқыға салынды. 

         Музыкалық және көркем бағыттағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары кәсіби-бағдарлы бағдарламаларды да, жалпы көркем-эстетикалық дамудың білім беру бағдарламаларын да іске асырады, оқушыларды мәдени-ағарту және мәдени-бос уақыт ұйымдастыру қызметін атқарады, балаларды көркем құндылықтарды тұтыну қасиеттеріне тәрбиелейді. Көркем білім беру балаға тануға және шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті қабылдауға, өзін-өзі барынша іске асыруға, пәндік, әлеуметтік, кәсіби, жеке тұрғыда өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді.