2021 жылдың 30 наурызында «Көктемгі мектеп» аясында ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптары өткізілді.
Курстың мақсаты: Проблемалық аймақтар бойынша облыс мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру.
Курсқа 100 педагог қатысты.
Іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер мен әдіскерлер:
1. Қайырбек Сәуле Нәзірбекқызы, Теміртау қаласының «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2. Жылкыбаева Албина Аугановна, Теміртау қаласының «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3. Интыкбаева Лаззат Жумашовна, Теміртау қаласының «№ 20 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
4. Климов Айбек Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ мемлекеттік және шет тілдері әдіскері;
5. Тусупбекова Жанар Куанышевна, Осакаров ауданы №1 тірек мектебінің (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
6. Аязбекова Анар Рысбаевна, Осакаров ауданы №11 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
7. Асрепова Айжан Нурлановна – Осакаров ауданы №26 тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің (РО) мұғалімі;
8. Карбаева Камшат Ертаевна – Осакаров ауданы №9 гимназия базасындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің (РО) мұғалімі.