2015 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Құрылыс және коммуналды шаруашылық» бағыты бойынша, ТжКБ инженерлі-педагогикалық қызметкерлері облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
20-10-2015 11:26

         Отырысқа арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлері қатысты. Қатысушылар құрамы Қарағанды, Теміртау, Балхаш, Сәтпаев, Шахтинск және Абай қалаларынан.  

         Семинарды алғысөзбен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты.

        Отырыс барысында қатысушылар ОӘБ 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылап, ОӘБ бағыты қызметінің негізгі міндеттері мен мақсатын және оларды жүзеге асыруға бағытталған іс шараларды анықтады. Сонымен қатар қатысушылар әлемдік Wordskills конкурсы аясындағы тапсырмалардың түрлерімен, байқауға қатысушыларға қойылатын талаптармен танысып, бағыт бойынша «Мамандық үздігі» конкурсының дайындығын жүргізді.

        Іс шара тақырыбына сәйкес, ҚО ББД ОӘО әдіскері Нартова Татьяна Георгиевна мен «Құрылыс және коммуналды шаруашылық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сучилина Татьяна Петровна баяндама жасады.

        Облыстық әдістемелік бірлестігінің соңында ұсыныстар енгізіліп, оқу жылы бойында өткізілетін іс шараларға жауаптылар тағайындалды.